Қарағанды облысының еңбек ұжымдарынан Елбасының атына қолдау сөздері жазылған жеделхаттар түсіп жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today.
YDD Corporation Қарағанды ферроқорытпа зауытының және Asia FerroAlloys құю зауыттары бірлестігінің жұмысшылары Нұрсұлтан Назарбаевқа тезірек сауығып кетуін тілеп хат жолдады, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі.
“Сіз және сіздің мықты рухыңыз бен табандылығыңыз өз күшіңізді тағы да дәлелдей және көрсете алатынына сенімдіміз. Біз бұл шайқастан сіз жеңімпаз боласыз деп сенеміз”, – деп жазды жұмысшылар.
Сондай-ақ, хатта ұжымдар қазақстандықтардың Елбасы қолдауын әрқашан сезінгендерін ерекше атап көрсетеді.
“Қиын жылдарда сіз әрқашан бізбен, қарапайым жұмысшылармен бірге болдыңыз, осы жылдар ішінде біз сіздің қолдауыңызды сезіндік. Сіз жүргізген саясат пен өзгерістер бізге, тәуелсіз және гүлденген Қазақстанның азаматтарына ең қолайлы әсер етті”, – делінген жеделхатта.
Дереккөз: https://www.kt.kz/rus/society/trudovye_kollektivy_karagandinskoy_oblasti_shlyut_1377900248.html