“Asia FerroAlloys” ЖШС – бұл кокс және металлургия өнеркәсібіне мамандандырылған, өнімдері бүкіл Қазақстан мен ТМД елдеріне жеткізілетін заманауи, инновациялық кәсіпорын. Кәсіпорын 900-ден астам әр алуан атаумен жылына 120 мың тоннадан астам өнім шығарады. Қызметкерлердің жалпы саны 1480 адамнан асады.
“Asia FerroAlloys” ЖШС-де өз қызметкерлері арасында корона вирустық инфекциясының таралуының алдын алу бойынша ауқымды жұмыс ұйымдастырылды.
Covid-19-мен күресу аясында кәсіпорында ең алдымен барлық қызметкерлерді вирустан қорғайтын қажетті құралдармен, мысалы, қорғаныс бетперделері, респираторлар, қолғаптар, антисептиктер мен санитайзерлер, дезинфекциялық кілемшелер, адамдар көп жиналатын орындарды (кіреберіс, асхана, жуынатын орын, медициналық пункт) кварц шамдарымен қамтамасыз етуді қамтитын іс-шаралар жоспары әзірленген.
“Asia FerroAlloys” ЖШС кіреберісінде дезинфекциялық тоннель, бактерицидті рециркуляторлар және бақылау камерасына кіретін адамның дене температурасын өлшеуге арналған арнайы жабдық – карантиндік шаралар бұзылған кезде дыбыстық сигнал беретін қорғаныш бетпердесінің бар екенін тануға қабілетті тепловизор орнатылған, бұл өткізу режімін мүлдем қауіпсіз етеді.
Өткізу пункттері, асхана, санитарлық орындар мен жуынатын орындар, медициналық пункт, сондай ақ қызметкерлерді тасымалдайтын көлік құралдары сияқты адамдар көп жиналатын орындарда дезинфекциялық іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіледі.
Кәсіпорынның бөлімшелерінде (кестеге сәйкес есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, жанасу беттерін, жалпы пайдалану орындарын дезинфекциялау) дезинфекциялау құралдарымен мерзімді санитариялық өңдеу ұйымдастырылған.
2020 жылдың наурыз айынан бастап бүгінгі күн аралығында кәсіпорын коронавирустық инфекциямен күрес жөніндегі іс-шараларға 21000 000 жуық теңге жұмсады. Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге бағытталған уақтылы қабылданған шаралардың арқасында 2020 жылғы наурыздан пандемияның барлық кезеңінде “Asia FerroAlloys” ЖШС қызметкерлерінің COVID-19-дан айыққан пайызы қызметкерлердің жалпы санының 5,1% – ын құрады, олардың 4,3% – ы аурудан асимптоматикалық түрде зардап шекті. Сырқаттану жағдайларын болдырмау мақсатында кезең-кезеңімен қажеттілікке қарай қызметкерлердің белгілі бір санаттарына ПЦР-тестілеу жүргізіледі. Қазіргі уақытта “Asia FerroAlloys” ЖШС барлық қызметкерлеріне вакцинация жүргізілген.