Премьер-Министр Асқар Мамин Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында жаңа инвесторлардың, соның ішінде шетелдік инвесторлардың келуімен “Asia FerroAlloys” ЖШС Құю зауыттарының бірлестігі болып қайта аталған бұрынғы Қарағанды құю зауытына барды, деп хабарлайды “ҚазАқпарат” ХАА тілшісі.
Екі жыл бұрын кәсіпорында ауқымды жаңғырту жұмыстары басталған болатын. Бизнесмендер 8 млрд теңгеден астам жеке инвестиция салды.
“Asia FerroAlloys” ЖШС Кокс және жартылай кокс, шойын және болат өнімдерін өндірумен айналысады. Кәсіпорын 900-ден астам болат және шойын өнімдерін шығарады. Зауыттың жылдық жобалық қуаты 120 мың тоннаны құрайды. Зауытта 1 216 адам жұмыс істейді. Компаниядағы орташа жалақы-245 мың теңге. 2019 жылы мемлекетке 2,1 млрд теңге салық төленді.
Кәсіпорынды аралау барысында “Asia FerroAlloys” ЖШС акционері Ерлан Нығматулин Премьер-Министрге осы жылы іске асырылуы басталған екі жаңа жобаны таныстырды.
Асқар Маминді жаңа ферроқорытпа зауытының салыну барысымен, агломерациялық фабрикамен және көмір байыту фабрикасымен таныстырды.
“Агломерациялық фабрикасы бар ферроқорытпа зауытының құрылысы” жобасы бойынша инвестиция көлемі шамамен 31 млрд теңгені құрайды. Құрылыс кезеңінде 1 200 – ден астам, ал пайдалану кезеңінде 400 жаңа жұмыс орны құрылатын болады. Жобалық қуаттылығы 57 мың тонна ферроқорытпа мен 240 мың тонна агломератты құрайды. Кәсіпорын “Индустрия 4.0” бағдарламасының, экономиканы технологиялық жаңғыртудың және өнеркәсіпті цифрландырудың жоғары параметрлеріне жауап беретін болады. Зауыттағы барлық дерлік өндірістік процестер автоматтандырылып, бірыңғай орталықтан басқарылатын болады.
Жобаның экологиялық құрамына ерекше назар аударылады. Зауыт әлемдегі ең озық болып табылатын және ауаны тазартудың жоғары деңгейін қамтамасыз ететін газ тазарту жүйесін орнатады.
Сонымен қатар, “көмір байыту фабрикасының құрылысы” жобасы аясында инвестиция көлемі 5,2 млрд теңгені құрайды. Жобалық қуаттылығы-жылына 1,7 млн тонна күлі аз, байытылған көмір. Құрылыс кезеңінде 500 – ден астам, ал пайдалану кезеңінде 110 жаңа жұмыс орны құрылады.
Таңдалған технологияның бірегейлігі мынада, байыту аймақтың экологиясына әсер етпейді, өйткені бүкіл процесс суды тазарту бассейндері үшін көп орын қажет етпейтін жабық жерде жүреді.
Автоматика мен электрониканың жаңа технологияларының арқасында бүкіл байыту процесін өндірісті басқару орталығының операторы басқарады.
Осылайша, “Asia FerroAlloys” ЖШС жаңа жобалары бойынша инвестициялардың жалпы көлемі 36,2 млрд теңгені құрайды. Жобалар жеке инвестициялар, соның ішінде шетелдік инвестициялар есебінен іске асырылады. Бүгінгі таңда дайын өнімнің барлық желісі бойынша шетелдік серіктестермен офтейк-келісімшарттарға қол қойылды. Іс жүзінде барлық өнім экспортқа бағдарланатын болады.
“Қарағанды облысы дәстүрлі түрде ірі өнеркәсіптік өңір болып табылатынын, сондай-ақ шикізат базасының болуы есебінен зор әлеуетке ие екенін ескере отырып, біз өсудің жаңа нүктелерін табамыз. Бұл бірінші кезекте озық технологиялар трансферті, еңбек өнімділігін арттыру, сондай-ақ өңірде жаңа жұмыс орындарын құру үшін жасалуда. Өндірісте 100% отандық шикізат пайдаланылады, бұл осы жобаларды іске асыруда өте маңызды артықшылық болып табылады”, – деді “Asia FerroAlloys” ЖШС акционері Ерлан Нығматулин.
“Бүгінде Қазақстанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда тәжірибеміз жеткілікті. Сондықтан, жақын және алыс шетел нарығының, сондай-ақ ішкі нарықтың қажеттілігін зерделеп, біз жаңа жобаларды іске асыруға кірістік. Біз іс жүзінде Қазақстанның бІрегей инвестициялық ахуалы ғана емес, сондай – ақ қосылған құны жоғары өнім жасау үшін үлкен шикізат базасы бар екеніне көз жеткіздік”, – деп атап өтті “Asia FerroAlloys” ЖШС акционері Давид Кемертелидзе.
“Asia FerroAlloys” ЖШС жаңа жобаларын іске асыру аймақ экономикасын әртараптандыруға және соңғы буын технологияларының трансферті есебінен еңбек өнімділігін арттыруға айтарлықтай серпін береді. Бұдан басқа, таяудағы жылы қосымша 500-ден астам жаңа тұрақты жұмыс орындары құрылатын болады.
Дереккөз: https://www.inform.kz/ru/kakie-novye-promyshlennye-predpriyatiya-poyavyatsya-v-karagande_a3646472