КОКС ӨНДІРІСІ
«Asia FerroAlloys» ЖШС – 0-10 мм., 10-25 мм. и 25-40 мм фракциялы тас көмірдің коксын сұрыптау, ұсақтау және тиеуді жүзеге асыратын замануи кәсіпорын. Өндірістік қуаттылығы – айына 20 мың тонна кокс. Зауыт өнімі Қазақстан мен ТМД-ның басқа елдеріне жеткізіледі.
Компания нөлдік кезеңнен бастап құрылған, бұл дайын өнімнің сапасына, жеткізу мерзіміне, өзіндік құнына және т.б. әсер ететін ең аз өзгешелікті қарастыруға мүмкіндік береді.
Кокс химия өнеркәсібінде энергия ресурстарын сату нарығында үздік болуға ұмтылу – жеткізілетін өнімнің сапасын, біздің серіктестіктерімізге қызмет көрсетулер мен қатынастарды анықтайды.
ҚҰЮ ӨНДІРІСІ
«Asia FerroAlloys» ЖШС құю өндірісі Қарағанды құю зауытының базасында құрылды. Қазіргі уақытта құю зауыты дамыған инфрақұрылымы және жоғары білікті қызметкерлері бар кәсіпорын.
Зауытта конструктор бөлімінің болуы технологиялық жобалауды және клиенттердің жеке сызбалары бойынша тапсырыстарды орындауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның технологиялық қуаттылығы конвейерлік әдіспен шойын және болат өнімдерін жасауға, сондай ақ қолекі қорамасының жеке құймаларын орындауға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда кәсіпорынның негізгі өнімі – байыту фабрикалары үшін 40-100 мм диаметрлі ұсақтайтын шойын шарлар, құрылыс саласы үшін шойын цильпебстер, темір жол көлігі үшін тежегіш қалыптар, сондай-ақ бір қалыпқа келтіріліп құйылған құйма болып табылады.
ФЕРРОҚОРЫТПА ӨНДІРІСІ
«Asia FerroAlloys» ЖШС жылдық қуаты жылына 57 000 тоннаны құрайтын ферроқорытпа өндірісін жүзеге асыратын инновациялық кәсіпорын.
КӨМІРДІ БАЙЫТУ ЖӘНЕ КӨМІР КОНЦЕНТРАТЫН ӨНДІРУ
Қазақстанда көмірді байыту фабрикасының баламасы жоқ. Біздің кәсіпорынның басты артықшылығы-ол қоршаған ортаға зиян келтірместен сапалы көмір шығарады.
Көмірді байыту үшін “дымқыл байыту” технологиясы қолданылады. Бұл қарапайым көмірді 15% кіріс күлімен 2-3% аналық күлге дейін байытуға мүмкіндік береді. Байытудың барлық процедурасы химиялық реагенттерді қолданбай, жабық циклде жүреді, бұл қоршаған ортаға таза әсер етеді және тұтастай алғанда экологиялық таза болады.
Байыту фабрикасындағы өндірістік процестерді автоматтандырудың жоғары дәрежесі өндіріс технологиясының және дайын өнім сапасының сақталуын бақылауға мүмкіндік береді. Фабриканың қуаты сағатына 300 тоннаны немесе жылына 2 000 000 тоннаны құрайды.