«Asia FerroAlloys» ЖШС қызметкерлері Қарағанды қаласының шұғыл әрекет ету жиынтық жасағының құрамында «Жер-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына қатысты.
Командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде «Жаңа Қарағанды» теміржол станциясында инженерлік құралымдардың әзірлігі тексеріліп, теміржол көлігіне инженерлік техниканы тиеу элементтері пысықталып, сейсмикалық қауіпті аудандарда жойқын жер сілкінісі туындаған кезде төтенше жағдайларды жою дайындығын тексеру бойынша байқау өткізілді.
Оқу-жаттығу барысында Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру және төтенше жағдайларды алдын алу мен жою жөніндегі іс-қимылдар бойынша белгіленген мақсаттардың барлығы сәтті орындалды.