Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр мен құрылтайшылар Ерлан Нигматулин мен Давид Кемертелидзенің қатысуымен жылына 2,5 миллион тоннаға дейін көмір концентратын өндіруге қабілетті “Asia FerroAlloys” ЖШС жаңа көмір байыту фабрикасы ресми түрде іске қосылды.
Фабрика құрылысы кезеңінде де “Индустрия 4.0″деңгейіне сәйкес келетін заманауи ақылды технологияларды енгізудің үлгісіне айналды. Кәсіпорын шикізаттың жалпы тау-кен массасынан пайдалы қазбаны барынша шығаруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бірегей технологияның нәтижесінде кіріс күлі 15%-дан өзіндік күлі 2-3%-ға дейінгі көмірді байыта алады. Бүкіл процесс химиялық реагенттерді және суды тазарту бассейндері үшін үлкен алаңдарды қолданбастан жабық циклде жүреді. Бұл өз кезегінде қоршаған ортаға кері әсерді төмендетіп, өндіріс мерзімін қысқартып, шығындарын азайтады, нәтижесінде дайын өнімнің өзіндік құнына әсер етеді.
Дайын өнімнің сапасы мен өндірістің технологиялылығын сақтауды бақылау толығымен аутоматтандырылған және өндірісті басқару орталығының операторы арқылы жүзеге асырылады, бұл бізге Қарағанды фабрикасы көмір концентратының барлық қолданыстағы халықаралық стандарттарға сәйкестігі туралы нық сеніммен айтуға мүмкіндік береді.
Кәсіпорын нөлден бастап салынды, бұл жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін азғана өзгешелікті ескеруге мүмкіндік берді: біздің концентрат сапалы, органикалық энергия тасымалдаушылардың халықаралық нарығында бәсекеге түсе алады деді «Asia FerroAlloys» ЖШС құрылтайшысы Ерлан Нигматулин.
“Asia FerroAlloys” ЖШС құрылтайшысы Дэвид Кемертелидзенің айтуынша, көмір байыту зауытын салу жобасын іске асыру кәсіпорын командасының үйлесімді жұмысының, сондай-ақ құрылтайшылардың Қазақстанда ірі инвестициялық жобаларды іске асырудағы мол тәжірибесінің нәтижесінде бір жылдан аз уақыт ішінде жүзеге асырылды. Жобаны іске асыру Қарағанды өңірінің экономикасын жан-жақты дамытуға және өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін арттыруға ықпал етеді.