2022 жылғы 18 қаңтарда «Qaz Carbon» (Каз Карбон)» ЖШС “Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы” 1995 жылғы 17.04. №2198 Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес атауын өзгерту бойынша «Qaz Carbon» (Каз Карбон)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен «Asia FerroAlloys» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қайта тіркеуден өтті.
Атауының өзгеруіне байланысты серіктестіктің мөрі, мөртабаны және фирмалық бланкісі өзгертілді. Серіктестіктің басқа да деректемелері, оның ішінде банктік деректемелері өзгеріссіз қалды.
Серіктестік өз қызметін жүзеге асыруды жалғастырады және атауы өзгергенге дейін өзіне қабылдаған құқықтары мен міндеттемелерін жүзеге асырады.
Сіздің талабыңыз бойынша толық ақпаратты Қазақстан Республикасы,Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы, 018 есептік орамы, 387 құрылыс заңды мекен-жайына ұсынуға дайынбыз.