Жақында прокатқа «Больше чем любовь» фильмі шығады. Аталған картинаның бас демеушісі Asia FerroAlloys компаниясы.
Фильм ер мен әйелдің арасындағы махаббат сезімі туралы ғана емес, сонымен қатар екі мәдениеттің – Қазақстан мен Грузияның өзара байланысы, олардың ерекшелігі мен ұқсастықтары, сүйіспеншілік туралы баяндайды. Бір сөзбен айтқанда, біздің елдеріміздің кинематографистері бірігіп, осындай жақсы кинотуындыны түсірді.
Бұл фильм аты аңызға айналған отандық актер Фархат Әбдірайымовтың соңғы жобасы болды. Сондай-ақ фильмге грузин киносының жарық жұлдызы, актер Вахтанг Кикабидзе де қатысты.
«Больше чем любовь» романтикалық комедиясы 9 наурыздан бастап көрсетілетін болады.