“Asia FerroAlloys” ЖШС өнеркәсіптің өңдеуші секторларын инновациялық дамытудың үлкен әлеуеті бар Қарағанды қаласының әртараптандырылған ірі индустриялық кәсіпорны болып табылады.
Жаңа Сарыарқа ферроқорытпа зауытында 2021 жылғы 30 тамызда алғашқы кен-термиялық ферроқорытпа пеші іске қосылды, барлығы сегіз пешті іске қосу жоспарлануда, ал қалған пештерді 2021 жылдың соңына дейін іске қосылуы жоспарланып отыр. Өнімдегі шикізаттың құрамы 100% отандық екенін атап өткіміз келеді.
Біздің зауыт тұрақты жұмыс орындарын құру арқылы әлеуметтік саланың дамуына үлкен үлес қосады. Бүгінгі таңда жұмыс орындарының саны 280 адамды құрайды, алдағы уақытта штат санын ұлғайту жоспарлануда.